Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК беделі оның әрбір қызметкеріне байланысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі міндеті Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықты жоққа шығаратын және өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын қамтамасыз ететін құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Комплаенс-офицер Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында «Облыстық қан орталығы» КМК Байқау кеңесінің шешімі негізінде тағайындалады. Комплаенс-офицер Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК Байқау кеңесіне тікелей бағынады.
Әрбір азамат:
- Кәсіпорын қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар фактілері туралы;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен мүдделер қақтығысы туралы;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің этикалық нормаларды бұзуы туралы жазбаша немесе ауызша өтініш жіберуге құқылы.
Барлық өтініштер міндетті түрде қаралып, назарға алынатын болады.
Электрондық пошта: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.
1424 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Семинарлар хаттамалары
Документы:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы саясат
- Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты туралы ереже
- Жұмыскерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары