Сырқат адамдардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын, құрметті Қостанай қаласының тұрғындары, тек адам ғана, тек донор ғана қанның қайнар көзі болуы мүмкін екенін есте сақтаңыздар!
Облыстық қан орталығы мына мекен-жай бойынша орналасқан:
Қостанай қ., Быковский көшесі, 4а
(Облыстық балалар ауруханасы ауданы)
ДОНОРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 8. 00-ден 13.00-ге дейін
Сенбі, жексенбі - демалыс күндері.
Анықтама телефоны: 26-62-74, 26-63-06
Қан тапсыруға деген құлшынысыңызды жүзеге асырыңыз, сонда ғана біреудің денсаулығын қалпына келтіргеніңіз, біреудің өмірін сақтағаныңызды сезіну сізге сыйлық болады.
Облыстық қан орталығында донор болғысы келетіндерге арналған ақпарат
ҚОӘДСБ «Облыстық қан орталығы» КМК-да донорлардың және олармен бірге жүретін адамдардың, келушілердің мінез-құлық ережелері.
18 жастан асқан әрбір адам қан мен оның компоненттерінің доноры бола алады. Қан орталығына келген кезде өзімен бірге паспорт немесе жеке куәлік болуы қажет.
Өтеусіз донорларды қабылдау тәртібі:
- Донордың типтік сауалнамасын толтырыңыз;
- Сіздің жеке деректеріңізді компьютерлік деректер базасына енгізетін тіркеу орнына барыңыз;
- Содан соң сіз қан тобын және гемоглобин деңгейін анықтайтын донорды алғашқы тексеру зертханасына өтесіз;
- Медициналық тексеруді жүргізетін терапевт-дәрігерге барасыз, ол сізді қарап шығады және донация мүмкіндігі, сондай-ақ оның түрі мен дозасын айтады;
- Буфетке өтесіз, сізге тәтті шай ұсынылады;
- Донация аяқталғаннан кейін сізге–жұмыстан бір күнге босату туралы анықтама және ақшалай өтемақы беріледі.
Донорлардың тамақтануы.
Қан тапсырар алдында донор мынадай тамақтану режимін сақтауы тиіс:
- Қан тапсырар алдында ащы, қуырылған, майлы тағамдарды (сало, май, үй қаймағы, жұмыртқа, сүт, балмұздақ, майлы ет, жемістен-банан) жеуге болмайды.
- Қан тапсыратын күні таңғы ас жеңіл-желпі болуы керек (тәтті шай нанмен, тоқашпен).
- Қан тапсырар алдында соңғы 48 сағат бойы спирттік ішімдіктерді ішуге, темекі шегуге тыйым салынады;
- Қан бергеннен кейін донорға жоғары калориялы витаминделген тамақ, мол сусын ұсынылады.
Донорлықтың пайдасы туралы.
Донор – «сыйлаушы» дегенді білдіреді. Донорлар - еркін ерікті және жомарт жанды адамдар. Донорлықтың негізгі принциптері: ізгілік, риясыздық, басқаның қайғысына көмектесу ниеті.
Есіңізде болсын: қан тапсыруға тынығып алып, сау денсаулықпен және өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатпен келу керек.
500 мл дейінгі көлемде қан беру ағзаға өте қауіпсіз және еш зияны жоқ.
Қан тапсыру арасындағы аралық кемінде 2 ай болуы тиіс.
Донордың қаны: В және С гепатиті инфекциясының, АИТВ-инфекциялары, мерез, бруцеллез бар-жоғына тексеріледі.
Донорлық мүлдем қауіпсіз, зиянсыз және ағзаға пайдалы. Донордың үнемі қан тапсыруы қан шығару органдары мен иммундық жүйеге дем береді, ал бұл болса ағзаның қорғаныс күшін арттырады.
Донорлар - ең дені сау адамдар.
Донорлықтың қауіпсіздігі
Қан бір ай бойы толық қалпына келтіріледі, сондықтан қан тапсыру уақыты 2 айда 1 реттен жиі емес аралықта болуы қажет. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жылына 1-2 рет 300-500 мл-ден қан тапсыра алады. Мұндай қан беру донордың қанында ешқандай өзгерістер тудырмайды. Донорлармен жұмыс істеу кезінде тек бір рет қолданылатын материал пайдаланылады, сондықтан донор үшін ешқандай да жұқтыру қаупі жоқ.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, СІЗДІҢ ҚАНЫҢЫЗ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРАДЫ!