ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы

Қан мен оның компоненттері донорлығынан тұрақты шеттетудің себептері

 

 р/с №

Атауы

1.

адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ инфекциясы);

2) В вирустық гепатиті (HbsAg, a-HBs бірге 100 МЕ/мл аз мөлшерде a-HBcore болуы);

3) С вирустық гепатиті;

4) мерез қоздырғышы.

2.

Антиретровирусты терапияны тұрақты немесе тұрақты емес бір рет қолдану.

3.

Қазір да бар немесе өміріңізде болған инфекциялық және паразиттік аурулар, оның ішінде:

1) адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған (АИТВ инфекциясы);

2) В және С гепатиттерінің вирустары;

3) туа біткен немесе жүре пайда болған мерез;

4) туберкулез (барлық түрлері), бруцеллез, бөртпе сүзегі, туляремия, алапес (Гансен ауруы), африкалық трипаносомоз, Чагас ауруы, лейшманиоз, безгек, ришта, токсоплазмоз, бабезиоз, Ку созылмалы қызбасы, эхинококкоз, филариаз, дракункулез.

4.

Жедел трансфузиялық кеуекті энцефалопатиялар (бұдан әрі - ЖТКЭ): Куру, Крейтцфельд – Якоб ауруы, Герстманн-Штреуслер синдромы, отбасы анамнезінде ЖТКЭ шалдыққан адамдар, амиотрофиялық лейкоспонгиоз.

5.

Анамнезде адам гипофизі, өсу гормондары препараттарымен емдеу туралы ақпараттың болуы.

6.

 Қазір де бар немесе бастан өткерген қатерлі ісіктер.

7.

Сәулелік ауру.

8.

Иммундық механизмді қамтитын қанның, қан түзетін ағзалардың аурулары.

9.

Аутоиммунды генездің дәнекер тінінің аурулары, сондай-ақ жедел немесе созылмалы остеомиелит.

10.

Органикалық бұзылулары бар орталық нерв жүйесінің аурулары.

11.

 Туа біткен немесе жүре пайда болған есту немесе сөйлеу қабілеттерінің толық жоқтығы.

12.

 Туа біткен немесе жүре пайда болған толық соқырлық.

13.

Бар психикалық бұзылулар және асқыну жағдайындағы және (немесе) науқас пен айналадағылар үшін қауіп төндіретін мінез-құлықтың бұзылысы.

14.

Психоактивті заттарды қолданудан туындаған психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылысы.

15.

Жалпы қабылданған өлшемдер бойынша (тыныс алу, қан айналымы, орталық нерв жүйесінің жұмыс істеуі) ағзалар мен жүйелердің орта күрделілік немесе өмірлік функциялардың декомпенсациясы белгілері бар күрделі деңгейдегі аурулары, сондай-ақ ағзаның өмірлік маңызды функцияларының декомпенсациясы бар (тыныс алу, қанайналым, нерв жүйесі) немесе оның пайда болуының тікелей қаупі бар өмірге қауіпті (шұғыл) жағдайлар, оның ішінде:

1) қанайналым жүйесінің аурулары – II-III деңгейдегі гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, облитерациялайтын эндоартериит, ерекше емес аортоартериит, флебит және тромбофлебит, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуы, кардиомиопатиялар, веноздық тромбоэмболиялық асқынулар, эндокардит, миокардит, жүрек ақауы (туа біткен, жүре пайда болған);

2) тыныс алу ағзаларының аурулары – бронх демікпесі, бронхоэктатикалық ауру, ӨСОА, жіті және созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі, өкпе эмфиземасы;

3) ас қорыту ағзаларының аурулары – бауырдың созылмалы аурулары, оның ішінде анықталмаған, бауырдың уытты зақымдануы, қайталанатын ұстамалары және холангит құбылыстары бар калькулезді холецистит, бауыр циррозы;

4) несеп-жыныс жүйесінің аурулары – бүйректің диффузды және ошақтық зақымдануы, несеп-тас ауруы, СБЖ, созылмалы гломерулонефрит;

5) декомпенсация сатысындағы эндокриндік жүйе аурулары;

6) көздің және оның қосалқы аппаратының аурулары, оның ішінде трахома;

7) тері және тері асты шелмайының аурулары, оның ішінде - псориаз, эритродермия, экзема, пиодермия, сикоз, көпіршік (пемфигус), дерматофитиялар, терең микоздар, витилиго.

16.

Резекциямен, ампутациямен, ағзаны немесе ағзаның бөлігін, оның ішінде асқазанды, бүйректі, көкбауырды, аналық безді, жатырды алып тастаумен сүйемелденетін операциялық араласудан кейінгі жай-күйлер.

17.

Ағзаны(ларды), ағзаның бөлігін және тіндерді трансплантаттаудан кейінгі, оның ішінде еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылуға әкелген жай-күй (мүгедектіктің I және II тобы), ағзаларды ксенотрансплантаттау.

 

Қан мен оның компоненттері донорлығынан уақытша шеттетудің себептері

Р/с №

Қан мен оның компоненттері донорлығынан уақытша шеттету себебінің атауы

 Себептің туындау сәтінен бастап шеттету мерзімі

1. Әлеуетті донорда гемотрансмиссивті инфекциямен(лар) болжамды жұқтыру қаупінің болуы

1.1

Қан мен оның компоненттерінің трансфузиясы (күйік реконвалесценттері мен резус-факторға иммундалған адамдарды қоспағанда)

12 ай

1.2

 Бастан өткерген операциялық араласу, оның ішінде мынадай жағдайларда:

1) жедел хирургиялық ауруларды (аппендэктомия, холецистэктомия), ұрпақты болу жүйесінің ағзаларын емдеу (простата аденомасын алып тастау);

2) амбулаториялық хирургиялық араласу;

3) жүктілікті жасанды түрде үзу;

4) мөлдір қабықтың, қатты ми қабығының трансплантациясы.

4 ай

1.3

Манипуляциялар, оның ішінде:

1) терінің тұтастығын бұзатын емдік және косметикалық ем-шаралар;

2) косметикалық ем-шаралар кезінде аллогенді дің жасушаларын енгізу;

 3) акупунктура, татуировка, пирсинг, хиджама, татуировка.

4 ай

1.4

Тері қабаттары тесетін немесе кесетін затпен бұзылған кезде аллогенді қанның шырышты қабыққа түсуі

4 ай

1.5

Донордың айтуы бойынша трансмиссивті жолмен берілетін инфекциялармен ауыру қаупі бар тропикалық және субтропикалық климаты бар (Азия, Африка, Оңтүстік және Орталық Америка) эндемикалық елдерде 4 айдан артық мерзім болу фактісі

 Қазақстан Республикасына келген мезеттен бастап 4 ай

1.6

Жоғары ықтималдық дәрежесімен денсаулықты, физикалық немесе әлеуметтік әл-ауқатты жоғалтуға (қауіпті мінез-құлық факторлары), оның ішінде жыныстық қызметтерді көрсетуге әкеп соғуы мүмкін мінез-құлықтың ерекше стилі; азғындық гетеросексуалдық және гомосексуалдық жыныстық қатынас; гомосексуалдық серіктес(лер) мен тұрақты қарым-қатынас, инъекциялық есірткі қолдану.

АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымнан қан донорлығын тарту мүмкіндігі туралы қорытынды берілгенге дейін белгісіз мерзімге

1.7

Соңғы 12 айда жыныстық жолмен берілетін аурудың белгілері: жыныс мүшелерінен бөлінділер, жыныс аймағында өсінділер және (немесе) жаралар, жыныс аймағында күйіп қалу сезімі, зәр шығару кезінде ауырсыну, шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымнан қан донорлығын тарту мүмкіндігі туралы қорытынды берілгенге дейін белгісіз мерзімге

1.8

 Донордың сөзінен анықталған кездейсоқ (тұрақты емес) гетеронмен немесе гомосексуалдық серіктеспен жыныстық қатынастың жалғыз фактісі

4 ай

1.9

Донордың айтуы бойынша АИТВ инфекциясы, В, С гепатитіне шалдыққан науқаспен тұрмыстық байланыс

6 ай

1.10

А гепатитіне шалдыққан науқастармен тұрмыстық байланыс (донордың сөзінен анықталады)

35 күн

1.11

Тістің хирургиялық экстракциясы

(кездейсоқ бактериемия тәуекелі салдарынан) күрделі асқынулар жоқ болғанда - 10 күн

1.12

Бас бостандығынан айыру орындарында болу

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан мезеттен бастап 12 ай

2. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша

2.1

В вирустық гепатиті және (немесе) С вирустық гепатитінің маркерлеріне және (немесе) адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясы) және (немесе) мерез қоздырғышына белгісіз нәтиже

Зертханалық зерттеудің белгісіз нәтижесін көрсеткен соңғы донациядан кейін 6 айдан бұрың емес мерзімде бақылау зерттеуін жүргізгенге дейін

2

АЛТ белсенділігің жоғарылуы

1 ай

2.3

Жалпы клиникалық және(немесе) биохимиялық зертханалық зерттеу нәтижелерінің ауытқуы

1 ай

 3. Бастан өткерген инфекциялық және инфекциялық емес аурулар

3 1.

Инфекциялық аурулар

3.1.1

Бруцеллез (зертханалық зерттеу әдістерімен расталған)

 Толық клиникалық және зертханалық сауығудан кейін 2 жыл

3.1.2

Ішсүзек

Айқын функционалдық бұзылулар болмаған кезде толық клиникалық және зертханалық сауығу сәтінен бастап 1 жыл

3.1.3

Ангина

Сауығу кезінен бастап 1 ай

3.1.4

Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция

Сауығу кезінен бастап 2 апта

3.1.5

Донорлықтан үнемі шеттету өлшемдеріне жатпайтын басқа да инфекциялық аурулар

Сауығу кезінен бастап 6 ай

3.2

Жіті гломерулонефрит

Расталған толық жазулудан кейін 5 жыл

3.3

Q-қызбасы

Толық клиникалык сауығудан кейін 2 жыл

3.4

Асқазан мен он ұлтабадың ойық жарасы

Асқынуды тоқтату сәтінен бастап 1 жыл

3.5

Асқыну фазасындағы аллергиялық аурулар

Асқынуды тоқтату сәтінен бастап 2 ай

3.6

Вегеттық-тамырлық дистония

 Емдеуден кейін 1 ай

3.7

Орналасуына қарамастан шиеленісу кезеңіндегі жіті және созылмалы аурулар

Сауығу немесе асқынуды тоқтату сәтінен бастап 1 ай

4. Вакцинациялау

4.1

Құтырмаға, кене энцефалитіне қарсы вакцинациялау

Жұқтыру көзімен қатынастан кейін 1 жыл

4.2

Тірі вакцинамен (сарып, оба, туляремия, туберкулез, қызылша, эпидемиялық паротит, ішсүзекке қарсы тірі бәсеңдетілген вакцина, сіреспеге қарсы тірі бәсеңдетілген вакцина, полиомиелит және тағы басқалары) екпе алғандар

4 апта

4.3

Өлтірілген вакцинамен (В гепатиті, көк жөтел, паратифтер, тұмау, анатоксиндер, сіреспе, дифтерия және тағы да басқалары) екпе алғандар

2 апта

4.4

Рекомбинантты вакцинамен (коронавирус инфекциясы) екпе алғандар

2 апта

4.5

Манту реакциясы (инъекция орнында айқын қабыну құбылыстары болмаған кезде)

2 апта

5. Басқа себептер

5.1

Жүктілік, бсану және лактация (донордың айтуы бойынша)

 Босанғаннан кейін 1 жыл, емізуді аяқтағанна кейін

90 күн

5.2

Дәрілік заттарды қабылдау (донордың айтуы бойынша)

5.3.1

Антиретровирустық емнің профилактикасы үшін қолданылатын препараттарды бір рет қабылдау

6 ай

5.3.2

 Бактерияға қарсы препараттар

Қабылдау аяқталғанан кейін 14 күн

5.3.3

 анальгетиктер, салицилаттар

Қабылдау аяқталғанан кейін 3 күн

5.3.4

Антикоагулянттар, антиагриганттар

Қабылдау аяқталғанан кейін 3 күн

5.3

Донацияға дейін алдын ала зертханалық тексеру кезінде белгіленген қан хилезі

3 күн

5.4

Алкоголдік ішімдіктерді қабылдау (донордың айтуы бойынша)

48 сағат

5.5

Медициналық куәландыру кезінде алкоголдік қабылдағаннан кейін анықталған қалдық құбылыстар

48 сағат

5.6

Донацияға дейін көп тамақтану (донордың айтуы бойынша)

1 күн

5.7

Тамыр соғуының жиілігі минутына 50-ден кем және 100-ден артық соққы, аритмия

Қалыпқа келгенге дейін

5.8

Жоғары қан қысымы

Систоликалық қысым сынап бағанының (бұдан әрі – сын. бағ.мм) 180 миллиметрінен артық немесе сын. бағ. 100 мм кем

Қалыпқа келгенге дейін

Диастоликалық қысымы сын. бағ. 100 мм. артық немесе бағ.сын. 60 мм кем

5.9

 Донация арақашықтығын сақтамау

Донациядан кейін белгіленген демалыс мерзімі аяқталғаннан соң

5.10

Жасы 20-дан кіші (аферез әдісімен алынған эритроциттік массаның немесе жүзіндінің 2 бірлігін донациялау үшін)

20 жасқа толғанша

5.11

Дене салмағы 70 кг-нан аз (аферез әдісімен алынған эритроциттік массаның немесе жүзіндінің 2 бірлігін донациялау үшін)

Дене салмағы 70 кг болғанға дейін

5.12

Дене температурасының басқа белглрсіз 37°С және одан жоғары көтрілуі

Белгісіз мерзімге, қалыпқа келгенге дейін

5.13

Дене салмағы аз

Белгісіз мерзімге, қалыпқа келгенге дейін

5.14

Мамандандырылған дәрігердің қан тапсыруға қатысу мүмкіндігі туралы консультациялық қорытындысының қажеттілігі, оның ішінде келесі белгілер пайда болған кезде: температураның түсініксіз көтерілуі, салмақ жоғалту, естен тану, түнгі тершеңдік, бас ауруы

МСАК ұйымынан қан мен оның компоненттерін донорлыққа қатысу мүмкіндігі туралы қорытынды алынғанға дейін белгісіз мерзімге

5.16

Донациядан өз еркімен бас тарту

Белгісіз мерзімге

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru