ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Бос жұмыс орындары

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК байқау кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

Конкурсты өткізу күні: 2023 жылғы 29 қарашадан 2023 жылғы 13 желтоқсанға дейін.

Конкурстың өтетін орны: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі 4а, конференц-зал, телефон: 8 (7142) 26-63-66.
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мына мекенжай бойынша орналасқан: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а, телефон: 8 (7142) 26-63-66, электрондық пошта мекенжайы: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її..

Негізгі қызметі: қанды және оның компоненттерін алу, дайындау, сақтау, өңдеу, өткізу және сақтау.

Директордың негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар және гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесін дайындау; немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
  • басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  3. білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2023 жылғы «29» қараша, сағат 15.00-ден бастап.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2023 жылғы «13» желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарды мына электрондық пошта мекенжайына Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық түрде ұсынады.


Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru