«Облыстық қан орталығы» КМК ақылы негізде қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Бізде Сіз келесі талдаулар бойынша қан тапсыра аласыз:
- Қан тобын және резус-факторды анықтау (қарапайым, аппараттық және гельдік әдістермен);
- Кумбстың жанама тестінде антиденелердің болуын және титрін анықтау (аппараттық әдіс);
- Кумбс сынамасы (аппараттық әдіс);
- Resus жүйесі антигендерін фенотиптеу (цоликлондармен және аппараттық әдіспен);
- АИТВ-ға, мерез қоздырғышына, С гепатиті вирусына қарсы антиденелердің болуын анықтау (қарапайым немесе жедел талдау);
- қандағы HbsAg В вирустық гепатитін анықтау (қарапайым немесе жедел талдау);
- Лейкоформуламен кеңейтілген қан талдауы;
- Қан сарысудағы ақуыздық фракцияларды анықтау (аппараттық әдіс);
- Гемоглобин, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гематокритті анықтау (гемоглобинометрлік аппаратта);
- Гемоглобиннің, қандағы глюкоза деңгейін жедел әдіспен анықтау.
Сондай-ақ, «Облыстық қан орталығы» КМК препараттарды, қан компоненттерін, диагностикалық стандарттарды таратады:
- 10% альбумин ерітіндісі (100 мл.200 мл.)
- Құрамында эритроциттері бар орта;
- Карантинделген, лейкофильтрленіп карантинделген, вирустазартылған қан плазмасы;
- Карантинделген криопреципитат;
- қалыпқа келтірілген, аферездік, біріктірілген, лейкофильтрленген, вирустазартылған тромбоциттер;
- Стандартты эритроциттер.
Медициналық мекемелердің бағалары ( СКАЧАТЬ / КӨШІРУ ).
Ақылы қызметтердің бағалары( СКАЧАТЬ / КӨШІРУ ).