8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай қан орталығы «Донор-Леди» байқауын жариялайды!
Байқаудың шарттары:
1. 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап 2019 жылғы 04 наурыз аралығындағы жұмыс күндері мен сағаттарда біздің қан орталығына келуіңіз керек.
2. Қан немесе оның компоненттерін өтеусіз тапсыру (денсаулық жағдайы бойынша қан беруден шеттетілген келушілер конкурсқа қатыса алмайды) қажет.
3. Донация кезінде немесе донациядан кейін Сізге қан орталығында суретке түсіп, фотосуретті және Сіз не себепті донор болғаныңыз туралы әңгімені Whats App 87775097844 нөміріне жіберуіңіз қажет.
4. Байқау шарттарына сәйкес келетін фотосуреттері бар барлық әңгімелер біздің ресми сайтымыздың (Қостанай облыстық қан орталығы — http://donor-kostanay.kz/ru/.) басты бетіне көшіріледі, сол жерде 2019 жылғы 04 наурыздан бастап онлайн дауыс беру өткізіледі.
5. Дауыс беру 2019 жылғы 06 наурыз күнгі сағат 13.00-ге дейін созылады.
6. Жарияланымдары көп дауыс жинаған қатысушы байқаудың жеңімпазы және «Леди–Донор» атағының иегері болады. Тек бір кандидатқа ғана және бір рет қана дауыс беруге болады.
7. Жеңімпазды сыйлықпен марапаттау Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 7 наурыз күні сағат 14.00-де Облыстық қан орталығының екінші қабатының холлында өткізіледі.
Байқау шарттарына қатысты барлық мәселелер бойынша 87775097844 телефоны арқылы жұмыс күндері 8.00-ден 17.00-ге дейін хабарласа аласыздар.