ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және WhatsApp қосымшасында Облыстық қан орталығында қандай да бір топтың қан қорының болмауына байланысты қан тапсыруды өтінген дауыстық хабарлар жиі тарала бастады.

Бұл ретте дауыс хабарламаларында елді мекеннің атауы көрсетілмейді және осындай ақпаратты алатын Қостанай облысының тұрғындары қандай да бір қан тобының жетіспеушілігі Қостанай облысында орын алады деп ойлайды.

Біз өзіміз әлеуметтік желілерде және WhatsApp қосымшасында белсенді жұмыс істейміз, Облыстық қан орталығының ресми сайтында қан немесе оның компоненттерін бірнеше рет құюға мұқтаж пациенттердің стационарларға түскені туралы хабарлаймыз, әр жұмыс күнінің басында жаңартылып отыратын «ДОНОРЛЫҚ БАҒДАРШАМ» хабарландыруында қандай да бір қан тобына қажеттілік туралы деректерді үнемі жариялаймыз.

Біз көшпелі әдіспен жұмыс істейміз және алдағы шығу туралы және жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты Облыстық қан орталығы ресми сайтының жаңалықтар жолында және «ДОНОР КҮНІ» бөлімінде орналастырамыз.

Егер сізде мұқтаж жандарға көмектесуге және қан тапсыруға ниет пен мүмкіндік болса - ОҚО-ның донорларды жинақтау бөлімімен хабарласыңыз.

Донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес беріледі: (8-714-2)-266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122) жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін.

Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен қан орталығының сайтында танысуға болады: http://donor-kostanay.kz/ru/, бөлім/«ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті.

Қостанай қан орталығының басшылығы донорлардың белсенділігін, ықыластылығын және қажетіне қарай көмек көрсететінін әрдайым құптайды. Бірақ ресми емес жіберілетін, «достардан» келетін хабарламаларға сенбеуге шақырады. Алаң болмаңыз, бізге қоңырау шалыңыз және ақпараттың дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

Жыл соңына дейін аз ғана күндер қалды. Сол күндерді пайдалы өткізейік – мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетіп, Жаңа жылды мерекелеуге дайындық жүргізумен айналысайық. Қостанай қан орталығының басшылығы мен қызметкерлері облыстың барлық тұрғындарын келе жатқан мерекелермен құттықтап, денсаулық пен амандық тілейді!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru