2019 жылғы 14 маусым күні сағат 08.00-ден 13.00 дейін донорларды Дүниежүзілік донорлар күнін мерекелеуге арналған «Барлық адамдар үшін қауіпсіз қан» ұранымен өтетін донорлық іс-шараға белсене ат салысуға шақырамыз.
Донор – бұл қарапайым адам, жұмысшы немесе бизнесмен, студент немесе үй шаруасындағы әйел, сенуші немесе атеист... Бірақ бұл адам, әдетте, өзіне бейтаныс адамдарды құтқару үшін де өмір сүретінін әрдайым есте сақтайды.
Донор болуды шешкен адам жауапты таңдау жасайды. Кеше ол тек өз денсаулығының жай – күйін ойлаған болса, ал бүгін - басқа адамдардың да көңіл-күйіне жауап береді. Енді оның өмірінде бұрын-соңды белгісіз болған айрықша жаңа мағына пайда болады, ол қиындыққа душар болғандарды сауықтырып, «қандас туыстарын» табады.
Донор ондаған адамдардың денсаулығы мен үмітінарқалайды. Донорлықтың қарапайым ережелерін сақтау сіздің денсаулығыңыз үшін пайдалы болады және ұзақ жылдар өмір сүру стилі болуы мүмкін. Егер Сіз-донор болсаңыз, онда сіз сау болғаныңыз. Ал егер сіз сау болсаңыз, бірақ әлі донор болып табылмасаңыз, бір секундқа да кідірмеңіз және осы түсініспеушілікті жою үшін бәрін жасаңыз. Донорлық сізге құтқарылған өмір үшін мақтаныш пен қуаныш сезімін ұялатады. Өзгелерге денсаулық сыйлаңыз... және өзіңіз де сау болыңыз!
Осы күні қан тапсыруға келген донорлардың барлығын дәмінен донациядан кейін ләззат алатын тосынсый – «шоколадты фонтан», сондай-ақ кішігірім презент күтеді.