Соңғы уақытта біздің құрметті донорлардан келетін сұрақтар саны артты – олардың барлығын қан тапсырғаннан кейін қандай да бір уақыт өткен соң облыстық қан орталығының қызметкерлері оларды қайтадан қан тапсыруға неге шақырады және бұл олардың денсаулық жағдайына байланысты емес пе деген сұрақ мазалайды. Біз соны түсіндіре кетейік!
Плазманы карантиндеу дегеніміз не және оны қашан қолданады?
Кейде донордың қанында қандай да бір инфекциялардың қоздырғыштары бар екендігі, бірақ қан тапсыру кезінде талдаулармен оларды анықтау мүмкін болмайтын жағдайлар кездеседі (ұзақтығы жарты жылға дейін созылуы мүмкін осындай жағдай серонегативті терезе деп аталады). Сондықтан, қауіпсіздік мақсатында тапсырылған қанды донор қан тапсырғаннан кейін, бірнеше айдан соң инфекцияға қайта талдау жүргізіп барып қана пайдалануға болады.
Донордан жаңа алынған қанды эритроциттік масса, тромбоциттер және плазма компоненттеріне бөледі. Бірақ эритроциттік масса мен тромбоциттерді ұзақ уақыт бойы сақтау мүмкін емес және олар қан берілгеннен кейін көп ұзамай құйылуы тиіс. Бірақ қан плазмасын (инфекциялар болған жағдайда, ол вирустардың негізгі санын қамтиды!) сақтауға болады және оның бұл қасиеті инфекциялардың алдын алу үшін қосымша қолданылады.
Қан тапсырғаннан кейін 4 айдан соң жаңа алынған қан доноры қан орталығына қайта келіп, қан компоненттерінің біріне немесе тек АИТВ-ға және вирусты гепатит қоздырғыштарына талдау жасауы тиіс. Донордың барлық қайталама талдаулары 4 айдан соң қан тапсырғаннан кейін инфекциялардың жоқ екендігін көрсетсе, оның плазмасы қажет ететін пациенттерге құйылатын болады. Донорды қайта тексергенге дейін плазманы осындай сақтау карантиндеу деп аталады.
Осы карантиндеуге байланысты донор қан тапсырғаннан кейін 4 айдан соң қайтадан қан қызметі мекемесіне келгені дұрыс. Және ол міндетті түрде өткен жолы қан тапсырған мекемеге келуі тиіс. Бұны ірі апаттардан, жазатайым оқиғалардан, террористік актілерден кейін алғашқы рет қан тапсыруға келген донорлардың білу өте маңызды. Әдетте, мұндай күндері қан орталықтарына көптеген адамдар келеді, бірақ өкінішке орай, уақыт өткен соң донорлар қайтадан келу қажеттігін ұмытып кетеді.
Қайтадан келіп қан тапсырудан бас тартпаңызшы, әйтпесе, сіздің плазмаңызды науқасқа құю үшін пайдалана алмайды.
Облыстық қан орталығында плазма банкі 2002 жылдан бастап құрылып жұмыс істеп келеді. Банкке салынған плазма және қиын жағдайда адамдарға көмек көрсетуге ниет білдірген барлық донорлар, олар қайтадан тексеру үшін келмеген жағдайда плазма емдік мақсатта пайдаланылмайтынын есте сақтауы қажет. Сондықтан, егер донор өз бетінше қайта тексеруге келмесе, біз оны телефон арқылы, әлеуметтік желілердегі байланыс арқылы шақырамыз.
Жаман ойламаңыз – бізге қоңырау шалыңыз, біз сізге міндетті түрде бәрін түсіндіреміз!
Анықтама үшін байланыс телефондары жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін.
8-714-2-26-62-74 - донорлық бөлім;
8-714-2-21-09-69 - бақылау зерттеулері, талдау мәселелері бойынша донорларға арналған карантиндеу залы;
8-714-2-26-63-06 - ОҚО қабылдау бөлмесі.
Сіздерді ОҚО-на шақырамыз!
Біздің мекен-жайымыз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А.