Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК базасында «Перифериялық веноздық қол жетімділік кезіндегі инфузиялық терапия тәуекелдері. Инфузиялық терапия жүргізу кезіндегі пациент пен персоналдың қауіпсіздігі» тақырыбында оқыту өткізілді. Теориялық және практикалық бөлімдерден тұратын тренингті Б. Браун Медикал Казахстан NS & ORM ЖШС өнім жөніндегі менеджері М.Т.Кожахметова жүргізді. Инфузионды терапия науқас пен осы манипуляцияны жүзеге асыратын медициналық персонал үшін қауіпсіздік тұрғысынан қарастырылды. Қауіпсіз инфузиялық терапияның заманауи әдістері, алдын алу шаралары, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін асқынулар мен тәуекелдер қамтылды.
Мақсатты топ: инфузиялық терапия жүргізуге қатысатын орта медициналық персонал, Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторының медбикелік қызметтерінің басшылары.
Барлығы 60-тан астам адам қатысты.