7 мамыр - Қазақстанда Отан қорғаушылар күні. Оны жуырдан бастап тойлай бастады. 2012 жылы заңнамаға түзетулер енгізіліп, сол уақыттан бастап елімізде 7 мамыр —демалыс күні болып танылды. 2019 жылы ел оны мемлекеттік деңгейде жетінші рет атап өтеді.
Отан қорғаушылар күні - ел ішінде де, шекарада да әскердің беделін арттыруға арналған мереке. Қазақстандықтар үшін Қарулы Күштер — егемендік пен шекараның мызғымастығының кепілі.
Облыстық қан орталығының қызметкерлері өз күшімен ұйымдастырып, өткізіп отырған мерекелік іс-шараға жиналды,біздің сансыз көп таланттарымыз бар! Дәрігерлеріміз аспапта ойнап, ән айтты (суретте жас дәрігер Надежда Евгеньевна Кудина К. Листовтың атақты «Землянка» әнін орындады); аты аңызға айналған «Катюшаға» әніне би биледі.
Қызметкерлерге Қазақстан армиясы туралы фильм көрсетілді.
Отан қорғаушылар күніне орай Облыстық қан орталығы «Донор – man» байқауын өткізген болатын, оның жеңімпазы болып Андрей Пранович танылды. Андрей - ҚИНЭУ 3-курс студенті, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты негіздерін ұстанады, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады және болашақта да өз қанын беріп тұруға уәде берді.
Байқау жеңімпазына естелік сыйлықтар табыс етілді
Мамыр айындағы мерекелер әскери оқиғаларға арналған.
Отан қорғаушыларды құттықтаудан басқа, Қазақстан халқы жеңіске жеткен ардагерлерге құрмет көрсетеді. Бұл мерекені еліміз 9 мамыр күнін атап өтеді.