ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Нурканова Альмира Аскеровна

Нурканова Альмира Аскеровна - Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сапаны басқару бойынша директордың орынбасары.

Қостанай облысында дүниеге келген.

1999 жылы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтын «Фармация» мамандығы бойынша бітірді.

1994 - 2012 жж. ол Қостанай облысында дипломға сәйкес мамандық бойынша, әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс атқарды.

2012 жылы Облыстық қан орталығына сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмысқа қабылданды.

2019 жылы «Денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстан медициналық университетінің магистратурасын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітіріп, «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесіне ие болды.

2020 жылдан бастап - Облыстық қан орталығы директорының сапаны басқару бойынша орынбасары.

Тұрмыста және жұбайымен бірге 2 ұл тәрбиелеп отыр.

Қазақстан Республикасының қан қызметі мәселелеріне арналған Республикалық ғылыми-өндірістік конференцияларға бірнеше рет қатысты.

Ол кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін енгізуге және дамытуға ат салысты, жаңа қондырғыларды орнатуға және іске қосуға қатысты, дайындалатын қан мен оның компоненттерінің сапасын анықтау бойынша стандарттармен бекітілген зерттеулер жүргізді.

Қан компоненттерінің сапасына әсер ететін факторларды анықтау үшін мониторингтік зерттеулер жүргізеді, сол арқылы өнімнің сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға, олардың науқас үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады.

Сапаны басқарудың жаңа қағидаттарына көшу нәтижесінде облыстық қан орталығында сапа менеджменті жүйесін дамыту, енгізу, қолдау және үнемі жетілдіруге арналған кең ауқымды міндеттер шешілуде. А.А. Нурканова жұмысының табыстылығының басты дәлелі кәсіпорынның аккредиттеу туралы кезекті куәлік алуы болды.

Негізгі құзыреттері:

- облыстық қан орталығы директорына тікелей бағынады;

- кәсіпорында сапа менеджменті жүйесінің жұмысын ұйымдастырады;

- қауіпсіз, биологиялық тұрғыдан толық және клиникалық тиімді қан компоненттерін қолдана отырып көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған персоналмен жұмыс жүргізудің жаңа және қолданыстағы формаларын жетілдірілуді қамтамасыз етеді;

- ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін облыстық қан орталығының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

- дайын донорлық қан компоненттерінің сапасын және қан мен оның компоненттерінің донорларына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша орындалған жұмыстар мен ұсынымдар туралы есептерді жасайды және директорға ұсынады.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru