Ахметов Манарбек Молдағалиұлы 1962 жылы 8 ақпанда бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылында туған.
1970-1980 жылдары орта мектепте оқыды.
1980-1982 жылдары Комсомол совхозында жұмысшы болды.
1982-1988 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында оқыды. 1988-1989 жылдары Рудный тері-венерологиялық диспансерінде интернатурадан өтті.
1989-1990 жылдары Қамысты ауданы орталық ауруханасында дерматовенеролог дәрігер болды.
1991-1994 жылдары Талдыкөл дәрігерлік амбулаториясында бас дәрігер болды.
1994-2000 жылдары Қамысты ауданы орталық ауруханасында емхана меңгерушісі болды.
2000-2004 жылдары Қамысты аудандық ауруханасында бас дәрігер болды.
2004-2009 жылдары Рудный қаласының емханасында бас дәрігер
2009-2010 жылдары Қостанай қаласы жедел жәрдем станциясында бас дәрігер
2010-2013 жылдары облыстық арнайы медициналық құралдармен қамтамасыз ету базасында директор
2013-2022 жылдары Қостанай қаласы №3 емханасы бас дәрігер болып жұмыс істеді.
2022 жылғы қазан айынан бастап «Облыстық қан орталығы» КМК директорының м.а.
Отбасылы, екі баласы бар.