Көшпелі іс-шараны:
27 тамыз күні: Қостанай қаласы, ҚР ІІМ Қостанай облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
28 тамыз күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК-ның 2-қабатында, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Барлық тілек білдірушілер донорлыққа қатыса алады. Өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы керек.
Біз сіздерді күтеміз!
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (19.08.-23.08.2019ж.) донорлыққа қатысуға 139 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 101, донорлықтан босатылғандар саны - 38.