Өткен аптада Облыстық қан орталығына 373 адам қан тапсыруға келді, олардың 296 донор болды, оның ішінде Лисаков қаласының (63), Денисов ауылының (48) және біздің көшпелі бригадамыз барып қан алған Рудный қаласының (23) тұрғындары бар.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 104 адам (96 Rh+; 8 Rh-)
- A(II) – 102 адам (82 Rh+; 20 Rh-)
- B(III) – 53 адам (47 Rh+; 6 Rh-)
- AB(IV) – 37 адам (36 Rh+; 1 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!