Өткен аптада облыстық қан орталығына 271 адам қан тапсыруға келді, олардың 233 донор болды, оның ішінде Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері (15) және біздің көшпелі бригадамыз барып қан алған Рудный қаласының (32) тұрғындары бар.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 92 адам (73 Rh+; 19 Rh-)
- A(II) – 70 адам (57 Rh+; 13 Rh-)
- B(III) – 52 адам (42 Rh+; 10 Rh-)
- AB(IV) – 19 адам (17 Rh+; 2 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!