Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК директорының бос лауазымына өткізілген конкурс және Байқау кеңесінің хаттамалық шешімі негізінде «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының 2024 жылғы 26 қарашадағы бұйрығымен Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК директоры лауазымына 3 ай сынақ мерзімімен Манарбек Молдағалиұлы Ахметов тағайындалды. Ол Семей мемлекеттік институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітіріп, «Емдеуші-дәрігер» біліктілік санатын алды.
Еңбек жолын 1988 жылы Рудный қаласындағы Тері-венерология диспансерінің интерн-дәрігері лауазымынан бастады. Басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі 33 жылдан асады. Келесі медициналық ұйымдардың бас дәрігері қызметін атқарды: Талдыкөл ауылдық ДА (1991 – 1994 жж.), «Қамысты орталық аудандық ауруханасы» МКҚК (2000 – 2004 жж.), «Рудный қалалық емханасы» МКҚК (2004 – 2009 жж.), «Қостанай қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы» МКҚК (2009 – 2010 жж.), «Қостанай облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ (2010 – 2013 жж.), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК (2013 - 2022 жж.).
2022 жылдан бастап директор болып тағайындалғанға дейін статистик-дәрігер және Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК директорының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді