Өткен аптада Облыстық қан орталығына 194 адам қан тапсыруға келді, олардың 149 донор болды, оның ішінде біздің көшпелі бригадамыз барып қан алған Рудный қаласының (24) тұрғындары бар.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 71 адам (51 Rh+; 20 Rh-)
- A(II) – 33 адам (26 Rh+; 7 Rh-)
- B(III) – 29 адам (19 Rh+; 10 Rh-)
- AB(IV) – 16 адам (14 Rh+; 2 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!