Құрметті достар!
Балаларды қорғау күні қарсаңында біз қала мектептерінің оқушыларына арналған «Донорлық мектебі» атты —жаңа жобамызды ұсынғымыз келеді. Жобаның негізгі мақсаты — балаларға қан тапсыру процедурасы, оның адам өмірін сақтап қалудағы маңыздылығы мен мәні туралы айту.
Бұл неліктен маңызды?
Қан тапсыру — бұл медициналық процедура ғана емес, сонымен қатар күн сайын мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетін нақты қайырымдылық әрекеті. Өкінішке орай, көптеген адамдар донорлық туралы жеткілікті біле бермейді және біз ертерек соның алдын алғымыз келеді.
Жоба нені қамтиды?
- Білім беру дәрістері.
- Интерактивті сабақтар.
- Облыстық қан орталығына экскурсия.
Неліктен қосылуға тұрарлық жоба?
- Хабардарлықты арттырады.
- Эмпатия мен жауапкершілікті дамытады.
- Медицинамен тәжірибе жүзінде танысады.
Біз «Донорлық мектебі» жобасы басқаларға көмектесуге дайын жауапкершілігі мол және жанашыр ұрпақты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.
Осы аптада №23 мектеп оқушылары біздің жобаның тұңғыш ашушылары болады.