Өткен аптада Облыстық қан орталығына 514 адам қан тапсыруға келді, олардың 387-сы донор болды, оның ішінде «Қостанай-Су» МКК қызметкерлері (33), Жітіқара қаласының тұрғындары (92) және біздің көшпелі бригадамыз барып қан алған Рудный қаласының тұрғындары (21) бар.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 120 адам (109 Rh+; 11 Rh-)
- A(II) – 125 адам (114 Rh+; 11 Rh-)
- B(III) – 91 адам (86 Rh+; 5 Rh-)
- AB(IV) – 51 адам (46 Rh+; 5 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!