Өткен аптада облыстық қан орталығына 305 адам қан тапсыруға келді, олардың 220 донор болды, оның ішінде «Қостанай қаласының №1 емханасы» КМК және Қазақстан Халық Банкі АҚ филиалының қызметкерлері және біздің көшпелі бригадамыз барып қан алған Рудный қаласының тұрғындары бар.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 66 адам (58 Rh+; 8 Rh-)
- A(II) – 70 адам (61 Rh+; 9 Rh-)
- B(III) – 59 адам (55 Rh+; 4 Rh-)
- AB(IV) – 25 адам (23 Rh+; 2 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!