Өткен аптада облыстық қан орталығына 329 адам қан тапсыруға келді, олардың 250-і донор болды, оның ішінде Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері және біздің көшпелі бригадамыз барып қан алған Рудный қаласының тұрғындары бар.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 79 адам (70 Rh+; 9 Rh-)
- A(II) – 87 адам (79 Rh+; 8 Rh-)
- B(III) – 71 адам (68 Rh+; 3 Rh-)
- AB(IV) – 13 адам (12 Rh+; 1 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!