Өткен аптада облыстық қан орталығына 415 адам келді, олардың 287 донор болды, оның ішінде "Мен донормын және бұл керемет!” қайырымдылық челленджін қатысушылары және Рудный қаласының тұрғындары біздің көшпелі бригада барған болатын.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 79 адам (68 Rh+; 11 Rh-)
- A(II) – 99 адам (93 Rh+; 6 Rh-)
- B(III) – 72 адам (65 Rh+; 7 Rh-)
- AB(IV) – 37 адам (36 Rh+; 1 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!