Өткен аптада облыстық қан орталығына 275 адам келді, олардың 214 донор болды, оның ішінде Рудный қаласының тұрғындары және Қостанай облыстық пен Қостанай қалалық соттар қызметкерлері, оларға біздің көшпелі бригада барған болатын.
Осылайша қан банкі келесі топтармен толықтырылды:
- O(I) – 73 адам (66 Rh+; 7 Rh-)
- A(II) – 64 адам (58 Rh+; 6 Rh-)
- B(III) – 51 адам (46 Rh+; 5 Rh-)
- AB(IV) – 26 адам (19 Rh+; 7 Rh-)
Донорлар, Сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және адам өмірін сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!