Облыстық қан орталығындағы 2023 жылдың бірінші аптасы қарқынды өтті
5 қаңтар, бейсенбі күні біздің көшпелі бригада әдеттегідей Рудный қаласына барды. Қалған 2 күндегі - 4 және 6 қаңтар күндеріндегі қан қорын 6697 әскери бөлімшесіне шақырылушылар толықтыруға көмектесті.? 95 сарбаз алғаш рет донор болды.
Сіздерге батылдықтарыңыз бен мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын болғандарыңыз үшін рахмет айтамыз!
Барлығы 3 күн ішінде донация мақсатында қан орталығына 216 адам жүгінді, оның 164-і қан тапсыруға жіберілді.
Маңызды және қажетті істі жасауға уақыт бөлгендердің барлығына зор алғысымызды білдіреміз!