ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Кәсіпорындағы, оқу орнындағы донор күні

Қан қызметі мекемесінен тыс кәсіпорында донор күнін ұйымдастыру-қажетті іс. Сіздің ұйымыңыздың басшылығымен алдын ала келісілгеннен кейін, біз «донордың таңғы асын», донорлық рәсімдерді материалдық өтеу үшін ақшалай қаражат пен донорлық анықтамаларды алып келеміз.

Алайда бірқатар талаптар бар: зертханашылар үшін және донорлардың сауалнамаларды толтыруы үшін үй-жайлар бөлінуі керек, үй-жайларда кемінде 2-3 эл. розеткасы болу керек,2 донорлық креслоны орналастыру үшін жеткілікті орын болу қажет (жазғы кезеңде бригада донорларды арнайы автобуста қабылдайды). Экономикалық тұрғыдан бригаданың шығуы жіті немесе созылмалы патологиясы бар тіркеу ұйымында (емханада) «Д» есебінде тұрмайтын кемінде 25-30 дені сау донорлар болған кезде ғана ақталатын болады, ал қазір донациялау мақсатында жүгінгендердің кемінде 30%-ы осындай патологиямен.

Донор болғысы келетін немесе донорлықты жалғастырғысы келетін көптеген адамдар үшін олардың диспансерлік есепте тұруы күтпеген жағдай болып табылады, гипертонияның өршуі немесе жоғары температурамен  кешегі күні дәрігерді үйге шақыруы «ұмытылып қалады». Донациялау алдында донорлар хабардар болуы тиіс жайттар: донациялау қарсаңында және күнінде дәрілік препараттарды қабылдауға жол берілмейді, донорлыққа абсолюттік және салыстырмалы қарсы көрсетілімдер туралы, яғни «Д»-созылмалы ауруы бойынша есепке алу, жақында жасалған операциялық араласу, босану және бала емізу, татуировка жасалған күннен бастап 4 айдан кем уақыт болмауы керек екендігі, алкогольді ішу және күнделікті режимді бұзу және тамақтану, басқа да маңызды факторлар. Ең дұрысы біздің мамандарымыздан жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін 8-714-2-26-62-74 байланыс телефоны бойынша кеңес алу керек.

Сондай-ақ, қан тапсыруға ұсыныс алу үшін тіркелген жеріндегі емханаға алдын ала жүгінуді ұсынамыз, скринингтік тексеруден уақтылы өтуді ұсынамыз. Бұл туралы ұмытпаңыздар!

Кез-келген аурудың алдын алу оңай және емдеудің тиімділігі көбінесе аурудың сатысына байланысты!

Қан тапсыру рәсімі реципиент үшін барынша пайдалы, бірақ донор үшін ең аз зиянмен жүргізілетінін естеріңізге саламыз!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru