Бүгін біз біздің донор және белсенді насихатшымыз – Олеся Перетятьконың (Instagram парақшасына сілтеме: @ollessiasi) өз аузынан шыққан әңгімесін жариялаймыз.
«Мен адамдарға көмектесу керек деген сенім бойынша донор болдым! Және алғаш рет 2015 жылы қан тапсырдым, менің есебімде әзірге барлығы 10 донация бар.
Менің донорлық тарихым мен жұмыс істеген «AGRAL FARM» ЖШС-нен басталды, алғаш рет Қостанай облыстық қан орталығына келіп қан тапсырған болатынмын және содан кейін барлық әріптестеріме донорлық туралы айтып бердім. Сол жағдайдан кейін мені тыңдап, 10 адам донор болды.
Жалпы өндірістік қызмет арқылы «Ростсельмаш» сервис орталығы» ЖШС қызметкерлерімен танысып, адамдарды ерікті және өтеусіз донорлар болуға белсенді түрде үгіттей бастадым. Нәтижесінде кем дегенде 50 шақты адам дәрігерлердің белсенді көмекшілері және тұрақты донорларға айналды деп айта аламын.
Қазір «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жұмыс істеймін және тоқтап қалатын ойым да жоқ! Донор болу пайдалы іс екенін мен сізге айтып беремін және өз мысалыммен дәлелдеп беремін!
Менің анам облыстық ауруханада жұмыс істеген және ол да белсенді донор болған. Менің өсіп келе жатқан қызым Мария да донор болғысы келеді, ал менің ана ретіндегі міндетім – дені сау бала өсіру. Оның ортақ істі жалғастыра беруіне мен қарсы емеспін!
Жас ұрпаққа айтарым – қан тапсыру-бұл сіздің бірнеше минут уақытыңызды ғана алады. Дені сау адам үшін бұл тек «өзін-өзі жаңарту» ғана емес, сонымен бірге басқа адамға көмектесу мүмкіндігі!»!
Ал біз, өз кезегімізде, Олесяның Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жоғары білім алып, қазіргі таңда аудитор болып жұмыс істейтінін, салауатты өмір салтын ұстанатынын, сирек кездесетін, резус-факторы (-) Rh-теріс IV төртінші қан тобының қан иегері екенін айтып өткіміз келеді.