Облыстық қан орталығының әкімшілігі көшпелі жұмыстың тек Рудный қаласындағы стационарларда емделіп жатқан ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚАН ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРУ ҮШІН ұйымдастырылып жатқаны туралы тағы бір мәрте еске салады.
Біз донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ Рудный қаласының барлық тұрғындарынан төменде көрсетілген мекенжай бойынша барып, қан тапсыруларын сұраймыз!
Әсіресе резус-факторы Rh (+) оң А (II) екінші қан тобының донорларын күтеміз және қан тапсыру үшін өзіңізбен бірге тағы бір адамды ала келуіңізді өтінеміз. Бұл жайында таныстарыңызға, туыстарыңызға, әріптестеріңізге айта жүріңіздер!
Соңғы жарты жылда Рудный қаласы донорларының белсенділігі күрт төмендеді және біздің көшпелі бригадамыз әкелетін қан 12 дозадан аспайтын болды, бұл деген өте аз және Рудный қалалық көп бейінді ауруханасының қан компоненттеріне қажеттілігін ешқандай қамтамасыз етпейді.
Рудный қаласында КӨШПЕЛІ БРИГАДАНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ:
- апта сайын бейсенбі күндері, мына мекенжай бойынша: Рудный қаласы, Горняков көшесі, 74 құрылыс, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Рудный балаларды оңалту орталығы» КМҚК ғимараты.
Жұмыс тәртібі бұрынғыдай, бейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Көшпелі бригаданың орналасу мекенжайы өзгеруі мүмкін, бұл туралы біз әлеуметтік желілердің ресми беттерінде және кәсіпорынның интернет-ресурсында (https://ockkostanay.kz/ru/) хабарлаймыз.
Сіздердің көмектеріңізден үміттенеміз!