Бірнеше рет Донор күніне, Медицина қызметкері күніне арналған іс-шараларға қатысып, Облыстық қан орталығы басшылығынан грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық қан орталығының басшылығы мен ұжымы қан компоненттерін өз еркімен тегін тапсырғаны үшін алғыс білдіреді! Мырзағалиев Сертай Қапезұлын «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық төсбелгісін алуымен құттықтаймыз!
Сондай-ақ кәсіпорынның ескі дәстүрі бойынша ұжым жаңа қызметкерлерді құттықтап, шағын кәдесыйлар мен «жас қызметкердің» дипломдарын табыс етті!
Медицина қызметкерлері күнімен, құрметті әріптестер! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз! Отбасыларыңызда өзара түсіністік орнасын!