Бізге ҚР ТЖМ «Қостанай облысы бойынша ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, №1 мамандандырылған өрт сөндіру, №№5,6,10 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері келді.
Фельдшер А.М. Иванованың айтуынша, қызметтің тұрақты донорларының бірі - капитан Александр Юрьевич Фендюраның бүгінгі қан тапсыруы оның есебіндегі 11-ші донация. «Алғаш рет 2015 жылы қан тапсырған болатынмын, көмек қажет болды, содан кейін үнемі тапсыра бастадым», - дейді Александр Юрьевич. «Жоқ, мен донорлық туралы ешкімге айтпаймын, бұл жекебасылық мәселе», - деп күлді біздің әңгімелесушіміз…
Алайда, жекебасылық мәселе, көбінесе қоғамдыққа айналып жатады - қан өте қажет болған кезде, донор оның кімге керек екенін және бүгін кімді құтқарғанын сұрамайды.
Бүгін лейтенант С. Ж. Саимовтың есебіндегі 10-шы донация, аға лейтенант А. Г. Кабдрахметов пен капитан Д. А. Балташ та бүгін алғаш рет қан тапсырып отырған жоқ.
Қош келдіңіздер, қорғаушылар! Сіздердің еңбектеріңіз бен мейірімді жүректеріңіз үшін алғысымызды қабыл алыңыздар! Алдағы уақытта да донор болыңыздар!
Бүгін және барлық күндері акция үстелдерін ресімдеуге біздің құрметті демеушілер: «Чиполлино» дүкені (Максимова М.И. ЖК); «Упаковка Сервис LTD» ЖШС (Глазунов А. В.) қатысады.
Сонымен қатар, бүгін, 4-ші мамыр күні донорларға күшін қалпына келтіруге «Кондренко С.А.» ЖК және «Нива» шағын дәмханасының иелері көмектесті.
Бүгін бізге келіп, акцияға қатысқан барлық адам саны 100-ден асты.