Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында 2022 жылғы 3-6 мамыр (қоса алғанда) аралығында «Облыстық қан орталығы» КМК «Мен - Отан қорғаушымын. Мен - донормын!» атты акция өткізеді.
Облыс орталығының бірнеше кәсіпкерлері демеушілік жасап, акцияға қатысушы донорлар үшін мерекелік дастархан жаюға көмектесетінін қосымша хабарлаймыз.
Біз фотоесептерді жариялап, акция қалай өткендігі туралы айтып беретін боламыз.
Барлық қатысам деушілерді күтеміз!
Анықтама үшін. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 208-бабының 10-тармағына сәйкес: «Жұмыс берушілер мен ұйым басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында: 1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын донорлар қатарына тартуда жәрдем көрсетуге; 2) қанды, оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай жасауға; 3) донор болатын жұмыскерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күні жұмыстан кедергісіз босатуға» міндетті.