ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Құрметті қостанайлықтар!

15.04.22Ағымдағы жылғы 18-19 сәуірде Қостанай облыстық қан орталығында (Быковский көшесі, 4а) гемопоэздік дің жасушалары донорлары үшін қан үлгілерін алу жүзеге асырылатын болады, бұдан әрі ГДЖ!

ГДЖ донорларының ұлттық тіркелімі гемопоэздік дің жасушаларын транспланттауды қажет ететін пациенттер үшін құрылады.

Жыл сайын Қазақстанда 300-ден астам адам сүйек кемігін ауыстырып орналастыруды қажет етеді, олардың жартысы балалар мен жасөспірімдер. Кейде өмірді құтқарудың жалғыз жолы - гемопоэздік дің жасушаларын ауыстырып орналастыру болып қалады.

Генетикалық егіздерді табу мүмкіндігі 1:10000 қатынасына тең. Қазақстанда ГДЖ донорлар банкі шамамен 7 мың адамды құрайды.

ГДЖ донорларының тіркелімі неғұрлым үлкен болса, іздеу соғұрлым сәтті болады және құтқарылатын адамдар да көп болады. Сізде лейкозбен ауыратын науқастар үшін жалғыз үміт болатын қаһарманның қатарын толықтыруға мүмкіндік бар.

Пациент пен донордың фенотипі сәйкес келген жағдайда соңғысын дәрігерлер мұқият тексереді. Бұл Сіздің қауіпсіздігіңіз бен пациенттің қауіпсіздігі үшін қажет. Содан кейін лейкоферез жолымен перифериялық қаннан ГДЖ алу жүргізіледі.

Не істеу қажет:

- Быковский көшесі, 4А мекен-жайы бойынша ОҚО-на хабарласыңыз (бізге кем дегенде 35 адам керек!);

- бекітілген үлгідегі ГДЖ әлеуетті донорының сауалнамасын, келісімін толтыру (өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс);

- Сіздің деректеріңізді ҚР ГДЖ донорларының ұлттық тіркеліміне енгізу және типтеу үшін 9 мл веноздық қан тапсыру. Осылайша Сіз дің жасушаларының әлеуетті донорына айналасыз.

Донордың антропометриялық параметрлері: 

- әйелдер: бойы кемінде 155 см, дене салмағы кемінде 52 кг;

- ерлер: бойы кемінде 160 см, дене салмағы кемінде 55 кг;

- рұқсат етілген жасы 18-ден 45 жасқа дейін;

- Сіз бірнеше айдан, жылдардан кейін нақты донор бола аласыз немесе ешқашан болмайсыз;

- Егер Сізге қоңырау шалынса, онда Сіздің фенотипіңіз нақты пациенттің фенотипімен сәйкес келді дегенді білдіреді. Тіркелімнің қызметкеріне ГДЖ алу рәсімін жүргізуге өзіңіздің келісім бергеніңізді растаңыз;

- дің жасушалары доноры бола отырып, Сіз генетикалық егізіңіздің өмірін сақтап қаласыз.

ГДЖ донорлығына қатысты барлық мәселелер бойынша жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін 8-714-2-26-62-74 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru