Біз келушілердің барлығын қарсы алып, мерекемен құттықтап, дәмді пісірілген тағамдар ұсынып, сый көрсеттік, ал бізге ешқашан көмек көрсетуден бас тартпайтын 5 тромбоцит доноры (Катпаев Жанабай Ғабитұлы, Журавлев Сергей Юрьевич, Марченко Павел Сергеевич және Марченко Евгения Вадимовна, Узембаев Алибек Орынбекулы) естелік сыйлықтар алды – әрқайсысына электр шәйнегі табыс етілді.
Құрметті қонақтарымыз, «ГОРЦЫ-АХЫСКА» және «Маленький орел» кавказ билері мектебінің ұжымы, біздің сүйкімді қызметкерлерімізді биге шақырып, әсерлі лезгинканы орындап берді.
Осы ұжымның басшысы және жеке орындаушысы Рагим Абилов біздің тұрақты донорымыз болып табылатынын атап өткіміз келеді!
Алайда, біздің ұжым да таланттардан құр қалмаған! Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін тартқан біздің дәрігер Е. Б. Урмановтың орындауы ду қол шапалақпен сүйемелденді, ал қан орталығының ең музыкалық, талғампаз және әдемі қызметкерлерінен тұратын құрама ансамбль «Наурыз-думан» әнін орындады!
Барлық қостанайлықтар мен қала қонақтарын көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз және денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Біз донорларды мерекеден кейін де демалып, сап-сау болып келуін күтеміз!
Сіздер бізге әрқашан қажетсіздер! Осыны біліп жүріңіздер!