ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Алғыс айту күнімен!

Облыстық қан орталығының басшылығы мен ұжымы бүгін, 1-наурыз күні жақындарына көмек көрсетуге келгендердің барлығына алғыс білдіреді. Сондай-ақ, демеушілік көрсеткені үшін «ОрдаМед Қостанай» ЖШС-нің басшылығына рахмет айтамыз!

Глеб Футман бастаған Лисаков қаласының @vo_encanto еріктілеріне де алғысымызды білдіреміз. Ол мектеп газетінің және мұқтаж адамдарға көмектесетін еріктілер қоғамдық қорының негізін қалаушы. Жас жігіт донорлық туралы жақсы біледі, себебі Глебтің анасының трансфузиологияға тікелей қатысы бар, ол Лисаков ауруханасының медициналық қызметкері. Глеб өзі де донор болғысы келеді және донорлар санының көбеюіне зор ықпалын тигізіп жүр!

Глеб жалғыз келген жоқ, оның қасында «Саулық» және «Қамқор» бағыттарына жауап беретін жас арулар Қымбат Кеңесбаева мен Ақмоншақ Дүйсенбек болды. Олар бүгінгі «донорлық» күнді өткізуге белсене қатысты, сондай-ақ Лисаков еріктілерінің атынан қарапайым сыйлықтар табыс етті.

Бүгін бізге 62 адам қан тапсыруға келді, олардың 49-ы донацияға жіберілді. Барлық донорларға естелік кәдесыйлар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Тағы 30 адам бүгін сырттан қан тапсырды, яғни біздің көшпелі бригада «ҚР ІІМ Қостанай облысының МКҚБ» ММ-нің донор-қызметкерлерін қабылдады.

Барлығы 79 адам бүгін қан қорын толтырып, көктемді игі іспен қарсы алуды шешті!

01.03.22 1 01.03.22 01.03.22 01.03.22 01.03.22 01.03.22 01.03.22 01.03.22 01.03.22

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru