Бұл өнімдер қанның сапасына нашар әсер етеді!
Көбінесе қан хилёзі (триглицеридтер деңгейінің уақытша жоғарылауы) талдауларды алуға дұрыс дайындалмаған – донордың «диетасы», яғни тамақтану режимін бұзған донорларда байқалады. Хилёзді сарысу әртүрлі жастағы, жыныстағы және әртүрлі саладағы адамдарда пайда болуы мүмкін.
Хилёзді сарысу қанның компоненттерін бөлуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан қан талдауын жүргізу мүмкін болмай қалады. Сондай-ақ мұндай қанды реципиентке құю үшін пайдалану мүмкін емес.
Жоғары калориялы кешкі ас пен таңғы астан бас тартыңыз!
Кешкі асқа және таңғы асқа - суға піскен ботқа, крекер немесе кептірілген тоқаштармен шай, жеміс сусынын ішу ұсынылады.
Ал құймақты донациядан кейін жеуге болады!