Олар үшін экскурсияны өзі жақында ғана донор болған информатика пәнінің оқытушысы Абай Сибанбай ұйымдастырды.
Біз оқушыларды өндірістік үдеріспен таныстырдық, қан орталығындағы «донор жолын», донация, плазмаферез, фракциялау залдарын, зертхананы, терапевттің қабылдау кабинетін көрсеттік. Олар менеджер А.Мышковец, трансфузиолог-дәрігер Н. И.Богдановтың, сапаны басқару бөлімі және пациенттерді қолдау қызметінің маманы Т. П. Афанасьеваның ақпаратын тыңдады. Содан кейін 18 жасқа толған қан тапсыруға ниет білдіруші оқушылар «донор сауалнамасын» толтырып, қан тапсырды. Менеджер оларға 4 айдан кейін қан орталығына қандай мақсатпен бару керектігін, «карантиндеу» деген не екенін түсіндірді.
Қан тапсырғысы келгендердің саны көп болды ,бірақ салмағы бойынша шектеулер (донордың салмағы 50 кг-нан кем болмауы керек) дене бітімі шап-шағын қыз балаларға донорлық орындыққа отыруға мүмкіндік бермеді…
Оқушылар үшін «донорлық анықтама» және донация үшін азғантай ақшалай-өтем сомасын алу жағымды бонус болды.
Бізге жас әрі денсаулығы жақсы донорлар қажет! Қан компоненттеріне әрқашан қажеттілік болады! Адамдарға көмектесіңіздер!