Ана сүтіне бейімделген алмастырғыштармен қамтамасыз ету көрсеткіштері ҚР ДСМ № 75 бұйрығында анықталған
Балалар тағамы 1 жасқа дейінгі балаларға медициналық немесе әлеуметтік көрсеткіштер бойынша беріледі
Медициналық көрсеткіштер қатарына: емізетін ананың аурулары, оның ішінде инфекциялық, онкологиялық, психикалық, лактаза тапшылығы, дәрілік және есірткі заттарын қабылдау және т. б. жатады
Балалар тағамын алу үшін әлеуметтік көрсеткіштер тізіміне: көп ұрықты жүктіліктен туған балалар, егер бала емізетін ана күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болса немесе тәулік бойы стационарда ұзақ емделетін болса, асырап алынған балалар есептеледі
Балалар тағамын ұсыну қажеттілігі туралы қорытындыны тіркеу емханасы жанындағы лактациялық комиссияға береді
Оң шешімнен кейін педиатр ай сайын бала салмағын өлшейді, салмақтың өсуін тексереді және формула бойынша әр балаға бала тамағының тиісті мөлшерін жеке есептейді