Облыстық қан орталығы қанды ерекше қажет ететіндерге деген жеке ізгілікті қарым-қатынасқа негізделген донорларымыздың ынталылығын және донор болуға қашанда дайын тұратындығын атап өтеді!
Соңғы уақытта донорлардың саны азайған жоқ, бірақ бірқатар нюанстар бар.
Донордан дайындалған қан компоненттері арнайы жағдайларда қан орталықтарында 4 ай бойы сақталады.
Оларды емдеу мекемелеріне беру донордың қанына міндетті түрде қайта тексеру жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады, ол донордан пациентке симптомсыз өтетін инфекциялардың берілуін болдырмау үшін қажет.
Қан тапсырғаннан кейін 4 айдан соң донор қайтадан қан орталығына келіп, жаңа алынған қанды немесе қан компоненттерінің бірін немесе жай ғана АИТВ-ға және вирустық гепатиттердің қоздырғыштарына талдау жасауы тиіс. Қан тапсырғаннан кейін 4 айдан кейін донордың барлық қайталанған талдаулары инфекцияның жоқтығын көрсетсе ғана, оның плазмасы мұқтаж пациенттерге құйылады. Донорды қайта тексергенге дейінгі плазманың мұндай сақталуы карантиндеу деп аталады.
Бізге тағы да келіңіздер! Қан немесе қан талдауын тапсырыңыздар! Тұрақты донор болыңыздар!