Міне, тағы бір жыл кетіп барады…
Бұл біз енді Сіздермен кездеспейміз, акциялар, конкурстар, марафондар және марапаттау рәсімін өткізбейміз дегенді білдірмейді!
Келесі, 2022 жылы біз Сіздерді қайтадан күтеміз!
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Облыстық қан орталығында салтанатты жедел жиналыс болып өтті, онда басшы барлық қызметкерлерге жұмыстары үшін рахмет айтып, ерекше көзге түскендерге алғыс хаттар, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Ал бүгін, 31-желтоқсанда біздің игі істер акция-марафонын Қостанай қалалық әкімдігінің қызметкерлері қолдады. Біздің тұрақты донорымыз Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Клочко және 20 шақты мемлекеттік қызметкерлер донор болды!
Осы жылы бізбен бірге болған, адамдардың денсаулығы мен өмірін құтқаруға үлес қосқан, үміт сыйлаған мейірімді сиқыршыларға үлкен алғыс айтамыз!
Жаңа жылдарыңызбен!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!