Қостанай қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Самат Гайдарович Беркенов 2018 жылдан бастап донор болып табылады.
Бүгін Самат Гайдарович және оның 20 әріптесі игі істер марафонына қатысып, қан тапсыруға шешім қабылдады!
Қостанай қаласының барлық тұрғындарын марафон-акцияны қолдап, жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін біздің қан орталығына келіп, қан тапсыруларыңызды сұраймыз.
СІЗДЕРДІҢ көпшілігіңіздің өтініштеріңіз бойынша акцияны 2022 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартатынымызды қуана хабарлаймыз!
Игі іс жасауға әлі кім үлгерген жоқ?
Бізге келіңіздер!
Ағымдағы жылдың 29-31 желтоқсан аралығында қан орталығына келгендердің барлығына Аяз Атадан тәтті сыйлық – «Апорт» сортты алматылық алмасы таратылады!