Бүгін жаңа жыл алдындағы «Игі істер марафоны» акциясын Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.С. Айтбаев қолдады.
Демалыс және мереке күндері қарсаңында қан орталықтарының алдында қан компоненттерінің қажетті қорын толықтыру және жаңарту міндеті тұр. Облыстың медициналық ұйымдары қан өнімдерін уақтылы және толық көлемде алуға тиіс. Қазіргі уақытта облыстық қан орталығының көшпелі бригадасы облыс өңірлері бойынша донорларды қабылдауды жүзеге асырып жатыр.
Көпшілігі тұрақты донор болып жүрген медицина қызметкерлері де шет қалып жатқан жоқ. Бүгін де Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бірінші басшысы Рүстем Сапаралыұлы Айтбаев қан тапсырып, өзінің жеке үлгісімен облыстық басқарма басшыларын қан тапсыру бастамасын қолдауға шақырады.
Алда әлі бірнеше жұмыс күні бар. СІЗДІҢ қаныңыз соңғы үміт болып тұрған адамдарға бірге көмектесейік!
Облыстық қан орталығының басшылығы мен ұжымы облыс тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды!
Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз!