ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Облыстық қан орталығының басшылығы акцияны бастайды

2021 жылғы 22-желтоқсаннан бастап 31-желтоқсанға дейін «Облыстық қан орталығы» КМК жаңа жыл алдындағы мерекелер қарсаңында «Мен Аяз Атадан жақсырақ ғажайыптар жасаймын!» атты игі істер марафонын бастады.

Бүгін алғашқылардың бірі болып Облыстық қан орталығы директорының м.а. – М. Д. Дауменов жаңа жыл алдындағы игі істер эстафетасын облыстың медициналық ұйымдарының басшыларына, қала мен облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына табыстады.

Марафонның мақсаты: мереке күндері медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында мүмкіндігінше көп адамға қан тапсыру керектігі туралы хабарлау.

Акцияға қатысушылардан марафонды өткізудің көрсетілген мерзімінде жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін донация үшін Быковский көшесі 4А мекенжайына келулеріңізді сұраймыз. Қан компоненттерін үнемі жаңартып отыру қажет.

Бүгінгі таңда қан мен оның компоненттерін бірнеше рет құюды қажет ететін пациенттер қала мен облыстың стационарларында ем қабылдауда. Олардың Жаңа жылды жақсылыққа деген сеніммен қарсы алуына көмектесейік!

Қосымша ақпаратты 8-778-250-23-49 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru