ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Осы жылы – Аяулым Кәкімжан

Рудныйлық Айнагүл мен Кәкімбек Кәкімжановтар отбасында 3 қыз бала өсіп келеді. Ең кішкентай, бір жарым жасар Аяулым церебралды сал ауруына шалдыққан және жақында ғана массаж, рефлексті ине терапиясы процедураларын қамтитын оңалтудың бірінші курсынан өтті. Қыздың анасы алғашқы процедуралардың сөзсіз көмектескенін және айтарлықтай оң нәтиже бар екендігін айтады. Сәбидің өмір сүру сапасын жақсарту үшін келесі жылы кемінде 2 сауықтыру циклын өткізу қажет, ол үшін шамамен 1 миллион теңге қаражат керек екен. Отбасы бірінші кезеңге қаражат жинау үшін қаржыны үнемдеуге мәжбүр болды, баланың әкесі – мемлекеттік қызметкер, анасы декреттік демалыста, балаға күтім жасайды.

Міне, 7-ші жыл Қостанай облыстық қан орталығында, жаңа жыл мерекесі қарсаңында, барлық ересектер мен балалар ғажайыптар күтетін кезде ашылатын қаражат жинауға арналған «мейірімділік қорабы» ашылды.

Жыл бойы донорлар, келушілер және Облыстық қан орталығының қызметкерлері қаражат жинауға белсенді қатысты. Донорлар екі рет көмектеседі - бірінші рет қан тапсырған кезде, екіншісі - сәбилерге қаражат жинауға қатысады.

Қостанайлықтардың, біздің донорлардың және медицина қызметкерлерінің қолдауының арқасында 1 миллион теңге жиналып, ол ақша сәбидің анасы Айнагүл Кәкімжановаға табысталды.

Облыстық қан орталығының басшылығы баланың денсаулық жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосқан барлық қайырымды жандарға шынайы ризашылықтарын білдіреді.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Қостанай облыстық қан орталығының басшылығы мен ұжымының атынан баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт аспан, бақ-береке мен молшылық тілейміз!

Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ!

Сәбидің әкесімен түскен суреттің авторы - «Костанайские новости» фототілшісі К. Вишниченко

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru