Міне, екінші жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық қан орталығындағы салтанатты іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізілді. Директордың м.а. М.Д. Дауменов қызметкерлерді жергілікті радиобайланыс арқылы құттықтады.
Облыс тұрғындарына емдеу-алдын алу көмегін көрсету ісіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін және Тәуелсіздік күніне орай Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы бактериолог-дәрігер Людмила Михайловна Сергиенкоға табысталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған акцияның қорытындысы да шығарылды. Жеңімпаз А.В. СЕРГУШОВАҒА естелік сыйлық берілді, екінші білезіктің иесі Д.Б. АУБАКИРОВАҒА сыйлық өзінің жеке өтініші бойынша сәл кейінірек табыс етіледі. Біздің жеңімпаздар туралы бірнеше сөз айта кетсек: Сергушова А.В. қоғамдық тамақтану жүйесінде жұмыс істейді, Аубакирова Д. Б. біздің әріптесіміз болып шықты, ол №5 емханада қызмет атқарады екен.
Мұндай іс-шаралар отансүйгіштікке және адамгершілікке, белсенді азаматтық ұстанымға, жаңа дәстүрлердің пайда болуына және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың нығаюына, кешегі жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген жас буынның кәсіпорында ұзақ мерзім жұмыс істеуіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.