Бұл күн ДДСҰ-ның жетпіс екінші сессиясында 2019 жылдың мамыр айында құрылды.
Ол «ең алдымен зиян келтірмеңіз»-деген медицинаның негізгі қағидаттарына негізделген.
Бұл күннің мақсаты - пациенттердің қауіпсіздігі туралы бүкіл әлем бойынша хабардарлықты арттыру және пациенттерге зиянды азайту үшін барлық елдер мен халықаралық серіктестердің ынтымағы мен бірлескен іс-қимылына шақыру.
Пандемия әлі жалғасуда. Біз үшін, яғни қан қызметі кәсіпорнының қызметкерлері үшін бұл, ең алдымен, донорлардың қауіпсіздігі және қан компоненттерін облыстың медициналық ұйымдарына үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету. Елеулі шектеу шараларын жүргізу донорлық қан тапшылығының алдын алуға және облыстың медициналық ұйымдарына қажетті және қауіпсіз қан компоненттерін уақтылы және толық көлемде ұсынуға мүмкіндік береді.
Егер донорлар қан орталығына келіп, қан мен оның компоненттерін тапсыруды жалғастырмаса, бұл өте қиын болар еді. Сіздерге үлкен рахмет, донорлар!
Бұл СІЗДЕРДІҢ күндеріңіз! Аман-сау болыңыздар!