ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ЖӘНЕ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ!

Короновирустық инфекция (СOVID 19) және азаматтардың жаппай вакцинациясы бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты донорлар азая бастады. Бұл жағдай әртүрлі қан компоненттерін (эритроциттер, тромбоциттер, плазма) құюға мұқтаж науқастар емделіп жатқан қала мен облыстың медициналық ұйымдарының қанмен және оның компоненттерімен үздіксіз және жеткілікті қамтамасыз етілуіне қолайсыз әсер етеді.

Қан жасушаларының сақтау мерзімі шектеулі болғандықтан оларды үнемі жаңартып отыру керек екенін естеріңізге сала кетеміз. Сонымен қатар, қан компоненттерімен курстық ем алатын, сондай-ақ бірнеше рет емделетін науқастардың санаттары (бірнеше рет құю) да бар.

Сондықтан Облыстық қан орталығының басшылығы азаматтарды шақырады:

- СOVID 19-бен ауырмаған;

- СOVID 19-бен ауырып, жазылған адамдар (бір айдан астам уақыт бұрын симптомдары тоқтатылған);

- СOVID-19-дан вакцинацияның толық курсын алғандар (алып болғаннан кейін 2 аптадан соң)

- Донорлыққа басқа қарсы көрсетілімдері жоқ.

Облыстық қан орталығына келіңіздер, отандастарымызға көмектесіңіздер, мұқтаж жандарға қан тапсырыңыздар. Мұқтаж жандар шынымен де азайған жоқ және олар бізден көмек күтеді!

Донация күні жақындағандардың барлығы-сапарды кейінге қалдырмаңыздар және біздің үндеуімізді елемей қалмай, қан орталығына келіңіздер!

Тек донорлық қанның арқасында ғана жыл сайын облысымыздың 4 мыңнан астам тұрғыны өмір сүру мен денсаулық бақытына ие болады. Ешкім де аурудан және жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан сақтандырылмаған.

Ниеттес болайық және донорлардың қаны күн сайын және сағат сайын қажет екенін ұмытпайық!

Сіздерді мына мекенжай бойынша күтеміз: Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а (жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін) жеке куәлікпен.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru