Біздің тұрақты донорымыз өзінің бүгінгі туған күнінде кезекті 18-ші донацияны атап өтуге шешім қабылдады және Облыстық қан орталығының басшылығынан қарапайым естелік сыйлық алды. Біз, құрметті донорымыз – Г.С. Кульпеисованы туған күнімен және біздің айтқымыз келіп отырған кезекті «үнсіз ерлігімен» құттықтадық. Бізге донорлар туған күндерінде жиі келе бермейді…
Гүлбану Серікқызы - 2012 жылдан бастап біздің «өтеусіз» донорымыз және қанды «тұрақты және ұқыпты» түрде тапсырады, бақылау тексерулеріне уақытында және әрқашан жақсы көңіл-күйде және зор ықыласпен келеді.
Донорлық қозғалыс адамдардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын, өз қанын тапсыру арқылы басқалардың өмірін сақтап қалуға тырысатын, басқаларға ерікті және өтеусіз қан беру шынайы адамгершілік әрекет екенін түсінетін барлық адамдарды біріктіреді!
Туған күніңізбен, құрметті Гүлбану Серікқызы!
Сізге және жақындарыңызға денсаулық пен амандық тілейміз!
Белсенді өмірлік ұстанымыңыз үшін алғыс айтамыз!
Суретте: Кульпеисова Г. С.