ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz

Қостанай облысы тұрғындарының назарына!

Жыл сайын жаздың ыстық күндері басталған кезде біздің қан орталығында донорлардың саны жеткіліксіз екені байқалады. Міне, 3 апта болды резус-факторы теріс Rh (-) барлық қан топтары тапшы болып, тіпті резус-факторы Rh (+) оң О (I) бірінші қан тобының орны да толтырылмай жатыр.

Мүмкін, бұл жеңіл бас айналуынан, ыстық күндердегі донациядан кейін әлсіздік сезімінен болар. Жеңіл сырқат қан қысымының шамалы төмендеуінің салдары болуы да мүмкін және әдетте сау адамның ағзасы оны оңай жеңе алады.

Бірақ, күннің ыстық болуына қарамастан, қан компоненттеріне деген қажеттілік жоғары болып тұр және бізге донорлар өте қажет!

Қан тапсырғаннан кейін ұсынылады:

  • 10-15 минут денеңізді босаңсытып отырыңыз.
  • Егер сіз басыңыздың айналғанын немесе әлсіздік сезінсеңіз - үндемей отырмаңыз, медициналық персоналға айтыңыз, сізге дереу көмек көрсетіледі. Өзіңізге көмектесудің қарапайым тәсілі: арқамен жатып, аяқты бастан жоғары көтеріңіз, немесе отырыңыз және басыңызды тізелеріңіздің арасына түсіріңіз.
  • Донациядан кейін бір сағат бойы темекі шегуден аулақ болыңыз.
  • Таңғышты 3-4 сағат бойы шешпеңіз, оның дымқылдануына жол бермеңіз.
  • Осы және келесі күні ашық күнде, жағажайда ұзақ уақыт жүруден, ашық су айдындары мен бассейндерде шомылудан, сондай-ақ ауыр физикалық және спорттық жүктемелерден, ауыр салмақты көтеруден, соның ішінде сатып алынған заттар салынған сөмкелерді көтеруден аулақ болыңыз.
  • Донациядан кейін екі күн бойы толық және үнемі тамақтаныңыз және күніне кемінде екі литр сұйықтық ішіңіз: шырындар, су, шай. Алкогольдік ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады.
  • Қан тапсырған күні көлік жүргізуге ешқандай шектеулер жоқ. Донациядан кейін 2 сағаттан кейін мотоциклдің рөліне отыруға болады. Бірақ өз хал-жайыңызға да құлақ асқан жөн!

Қан орталығынан шыққан кезде өзіңізді жайсыз сезінсеңіз де - үндемей қалмай, кезекші вахтерге айтыңыз, сізге дереу көмек көрсетіледі.

Біздің кеңестерімізді тыңдап, осы қарапайым ережелерді орындаңыз!

Біз үшін донорларымыздың амандығы өте маңызды!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru