7 мамыр – Қазақстанда Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке жақын арадан бері ғана тойлана бастады. 2012 жылы заңнамаға түзетулер енгізілді, сол уақыттан бастап елде 7 мамыр — демалыс күні.
Бұл күні елде қазіргі және бұрынғы әскери қызметшілер құттықтауларды қабылдайды. Бір қызығы, ҚР Қарулы Күштерінде мыңдаған әйел адамдар қызмет атқарады, олардың көбісі офицерлік шенге ие. Осы себепті, елдегі Отан қорғаушылар күні күнтізбедегі тек ерлер күні ғана емес. Бұл - ерлігі мен абыройы Тәуелсіз Қазақстанның заманауи қорғаушылары үшін үлгі болатын - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің де мерекесі.
Алайда, дәстүр бойынша, мамыр айының алғашқы күндерінде Қостанай қан орталығы тек ерлер үшін ғана байқау өткізеді және міне, тек біз ғана күтпеген сәт те келіп жетті. «Донор-man» байқауының жеңімпазы біздің ресми интернет-ресурста дауыстарды санау негізінде Жайлаубаев Гумер Бакитжанович болды, оның донорлық тарихы 1303 дауыс жинады (жалпы дауыс санының 49,21%), ол алғаш рет 05.05.2014 ж. донор болды. Оның есебінде 30 донация бар.
Екінші орында - Шаймерденов Эрымбек Жанайдарович, оның донорлық тарихы 1223 дауыс жинады (жалпы дауыс санының 46,19%), алғаш рет 24.08.2012 жылы донор болды. Оның есебінде 15 донация бар.
Барлық санитарлық-эпидемияға қарсы ережелерді сақтай отырып, байқау жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді. Облыстық қан орталығының директоры Е.Иосипенко құттықтау сөз сөйледі.
Байқау жеңімпаздарын Отан қорғаушылар күнімен, Жеңіс күнімен құттықтаймыз және донорлар қатарында мүмкіндігінше ұзақ болуларына тілектеспіз!
Сонымен қатар, біз құрметті донорларға мереке күндері (жұмыс істемейтін күндер) 7-мамыр мен 10-мамыр аралығында жалғасатынын ескертеміз.
Донорларды қабылдау 11-мамырдан басталады.