Қостанай облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімі Сіздерге қан тапсыру туралы өтініш білдіреді.
15.04.2021 ж. біздің көшпелі бригада әдеттегідей, бейсенбі күні СІЗДІҢ қалаңызда, сағат 9.00-ден бастап, Мир көшесі, 24 мекенжайы бойынша донорларды қабылдайтын болады.
Облыс стационарларының бірінде резус-факторы Rh-теріс БІРІНШІ ТОПТАҒЫ ТРОМБОЦИТТЕРДІ бірнеше рет құюды қажет ететін пациент бар!!!
Біздің барлық резервтегі донорларға хабарланды, бірақ бірқатар себептер бойынша олар жақын күндері облыстық қан орталығына келе алмайды.
Тромбоциттер донорлығы рәсіміне қарсы көрсетілімдері жоқ барлық адамдардан көрсетілген мекенжайға келіп, қан тапсыруды сұраймыз!
Пациентке қанның басқа компоненттері көрсетілмеген, тек қана тромбоциттер қажет.
СІЗДЕРДІҢ қайырымдылықтарыңызға үміттенеміз және СІЗДЕРДІ күтеміз!